Өңірлік Call-орталығы: 1302 немесе 8 800 080 4821 Барлық байланыстар

Бас дәрігер блогы

Бас дәрігердің үндеуі

Сіздерді біздің сайтымызда қарсы алуға қуаныштымын. Біз оны сіздердің ыңғайлылықтарыңыз үшін жасадық: мұнда барлық қажетті ақпаратты біліп, қызықтыратын кез келген сұрағыңызды қоя аласыз.

Біз орналастырған ақпарат пен біз үлкен үміт артатын Сіздермен кері байланыс денсаулық сақтауды дамыту және жетілдіру саласындағы жаңа идеялардың негізін қалауы тиіс. Біз Сіздердің барлық ұсыныстарыңызды, тілектеріңізді және ескертулеріңізді ескеруге тырысамыз. Бірде-бір өтініш біздің тарапымыздан тиісті назарсыз қалмауы үшін бәрін жасаймыз.

Денсаулық сақтауды дамыту мен жетілдірудегі табыстар — денсаулық сақтауды ұйымдастырушылардың, бас дәрігерлердің, бас дәрігер орынбасарларының, сарапшы дәрігерлердің, бөлімше меңгерушілерінің, дәрігерлердің, мейірбикелердің және басқа да көптеген мамандардың бірнеше буынының еңбегінің нәтижесі. Біз емханамыздың пациенттері үшін қабылдауға жазылудан бастап білікті медициналық көмек көрсетуге дейін барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.

Бас дәрігер ретінде мен білікті медициналық көмекке және Сіздің денсаулығыңызға байланысты мәселелерді шешуге барынша қатысуға кепілдік беремін.

Біздің ұжым Сізге әрқашан білікті көмек көрсетуге дайын!

Білімі

1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

  • 1985 – 1986 жж. Тараз қаласының облыстық балалар ауруханасында интерн дәрігер лауазымында жұмыс істеді.
  • 1986 – 1994 жж. Тараз қаласының №2 қалалық балалар емханасында педиатр дәрігер лауазымында жұмыс істеді.
  • 1994 – 1999 жж. Тараз қаласының №1 қалалық балалар емханасында ұйымдастырылған балалар бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.
  • 1999 – 2001 жж. Тараз қаласының №8 отбасылық дәрігерлік амбулаториясында аға дәрігер лауазымында жұмыс істеді.
  • 2001 – 2007 жж. «Жаншуақ» медициналық орталығында бас дәрігер лауазымында жұмыс істеді.
  • 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігер лауазымында жұмыс істейді.

Материалдар дайындалуда

Бұл бөлімдегі ақпарат дайындалып, тексерілгеннен кейін жарияланады. Сұрақтар бойынша емханаға хабарласыңыз.