Біздің медициналық ұйымда Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі сапалы медициналық көмек көрсету, пациенттердің құқықтарын қорғау және оларды қолдау мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасының Кодексі, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасының Заңы, «Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 21727 болып тіркелген) негізінде әзірленген.
Пациенттерді қолдау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты — проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту.
Осыған байланысты, егер Сіз:
- медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
- медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Емханамыздың кіреберісінде орналастырылған Өтініштер жәшігіне атыңызды, тегіңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсетіп, жазбаша өтініш қалдыра аласыз. Сондай-ақ gp6taraz.kz сайтымыздағы «Бас дәрігер блогы» айдарына жүгіне аласыз.
Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей өтінішті қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.
Пациенттерді қолдау қызметіне емделіп жатқан пациенттердің өздері де, олардың туыстары да жүгінуге құқылы.
Пациенттерді қолдау қызметі көрсетілетін медициналық көмектің сапасы туралы пікірді зерделеу және анықталған кемшіліктерді жою мақсатында халыққа сауалнама жүргізеді.
Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз.
