Денсаулық мектебі
Денсаулық мектебі — пациенттер мен халықтың білім деңгейін арттыруға, алғашқы профилактикаға — салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оларға жеке және топтық әсер етудің ұйымдық тұрғыдан ресімделген құралдары мен әдістерінің жиынтығы.
Денсаулық мектебінің мақсаты — халықты салауатты өмір салтының дағдыларына оқыту, профилактиканы насихаттау және пациенттерде аурулардың дамуының мінез-құлықтық қауіп факторларын еңсеру жөніндегі мақсатты әрекеттерге қабілетін қалыптастыру, олардың денсаулығы тәуелді мәселелердегі құзыреттілігін арттыру және өз өмірін және қоршаған жағдайларды өз бетінше өзгерту дағдыларына үйрету.
Денсаулық мектептерінде көрсетілетін қызметтер тізбесі:
- пациенттерді практикалық дағдыларға оқыту (Кетле индексін, артериялық қысымды, пульс жиілігін, қандағы қантты өлшеу, дем шығарудың шекті жылдамдығын анықтау);
- пациенттердің ауру, оның даму, асқыну қауіп факторлары, ықтимал асқынулары туралы хабардарлығын арттыру;
- пациенттерді мақсат таңдауға, сауықтыру жөніндегі жеке әрекеттер жоспарын құруға және олардың орындалуын бақылауға оқыту;
- пациенттерде асқынулар мен криздер кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі практикалық дағдыларды қалыптастыру;
артериялық қысым көтерілгенде, гипергликемияда, тұншығу ұстамаларында өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Антибиотиктер — абайлап қолданыңыз!
Антибиотиктердің тарихы 70 жылдан сәл астам уақытты қамтиды, бұл тарихтың басын пенициллинді зеңнен бөліп алған британ бактериологы Сэр Александр Флеминг салды. «Антибиотик» көне грек тілінен «анти» — қарсы, «биос» — өмір деп аударылады. Антибиотиктер — адамзаттың ең ұлы жетістігі. Олар ашылғаннан кейін бұрын өлімге әкелетін аурулар — тырысқақ, іш сүзегі, өкпе қабынуы және т.б. тиімді емделуде. Алайда осы уақыт ішінде микроорганизмдер өзгеріп, антибиотиктерге төзімділік қалыптастыруды үйренді. Микробтардың антибиотиктерге төзімділігінің даму себептері:
Адами фактор, Антибиотиктерді шамадан тыс тағайындау, Антибиотиктерді дұрыс (ұтымды) пайдаланбау, Антибиотиктерді өз бетінше тағайындау.
2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 68-сессиясында микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күрес жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспары қабылданды. 2016 жылы 14-20 қараша аралығында ДДҰ бастамасымен антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өткізілді. Апталық аясында ДДҰ әзірлеген сауалнама бойынша халық арасында «Антибиотиктерге төзімділік туралы не білесіз?» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде мыналар анықталды:
Пациенттер антибиотиктерді қолдану қағидаларын нашар біледі, Антибиотиктерді қолданудың дұрыс дағдыларын қалыптастыру мақсатында халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу қажет, Антибиотикке төзімділіктің таралуы үшін халықтың ортақ жауапкершілігі түсініледі.
Осыған байланысты әрқайсыңызға ұсынамыз:
Антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз, өз бетінше емделу үшін қолданбаңыз, Вирустық инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктерді қабылдамаңыз, Антибиотиктерді «профилактика үшін» және «сақтық үшін» қабылдамаңыз, Жағдай жақсарудың алғашқы белгілерінде антибиотикті ішуді тоқтатпаңыз, дәрігер тағайындаған емдеу курсын толық аяқтаңыз, Дәрігер тағайындаған антибиотик дозасын өзгертпеңіз, Емдеу курсы аяқталып, антибиотик қалып қойса, оны «қымбат, тастауға қимайсың» деп ішіп бітірудің қажеті жоқ, Өзіңізге тағайындалған антибиотикті басқа адамдарға бермеңіз.
