Емханада немесе egov.kz «электрондық үкімет» порталында алуға болатын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер:
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту
- Дәрігердің қабылдауына жазылу
- Дәрігерді үйге шақыру
- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру
- Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру
- Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру
- Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
- Транспланттау мақсатында ағзаларды (ағза бөлігін) және (немесе) тіндерді (тін бөлігін) өлгеннен кейін донорлыққа тірі кезінде бас тартуды немесе келісім беруді тіркеу
- Жедел медициналық көмек шақыру
- Пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру
- Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту орындылығы туралы құжаттарды қабылдау және қарау
- Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру
- Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру
- «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
- «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру
- «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру
- Міндетті алдын ала медициналық тексерулерден өту
- Көлік құралын басқаруға рұқсат туралы анықтама беру
- Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру
Материалдар дайындалуда, тексерілгеннен кейін жарияланады.
