Өңірлік Call-орталығы: 1302 немесе 8 800 080 4821 Барлық байланыстар

Азаматтардың емханаға еркін тіркелуі

Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21642 болып тіркелді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 123-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  • 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  • 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Денсаулық сақтау министрі

А. Цой

Жеке тұлғаларды ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту бір әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады. Шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдар бұған жатпайды: олар медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша жақын маңдағы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан МСАК ұйымына бекітіледі.

МСАК маманын еркін таңдау учаскедегі (МСАК субъектісінің МСАК маманына бекітілген халыққа қызмет көрсету аумағының бөлігіндегі) бекітілген халықтың санын ескере отырып, бекіту орны бойынша МСАК ұйымы шегінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаларды ЕМС шеңберінде бекіту тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша ЕМС шартында көзделген МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жүзеге асырылады.